Сервистер


Жаңа бизнеске жаңа мүмкіндік


СІЗДІҢ БИЗНЕСІҢІЗГЕ АРНАЛҒАН СЕРВИСТЕР


«Біз өз резиденттеріміз бен сыртқы компаниялар үшін сервистерді ұсынамыз. Олар зерттеу және әзірлеу процессін жылдамдатады. Сол себепті біздің клиенттеріміз өз өнімін нарыққа жылдам шығарады.



  • Іс-шараларды ұйымдастыру

    Өтініш қалдыру
    Сізге іс-шара өткізу қажет делік, ал сіз жиһаздалған және толықтай жабдықталған залдарды білмейсіз бе?
    Сіздің ивентіңізді «сақадай сай» етіп ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді пайдаланыңыз.
    Astana Business Campus барлық ниет білдірушілер үшін іс-шараларды жоғары дәрежеде жабдықталған бөлмелерде ұйымдастыру бойынша қызметтерді ұсынады.
    Семинарлар мен тренингтерге арналған көп атқарымды орынжайларда орналасқан:

    - Ауданы 65 ш.м. оқу класы;
    - Желіге шығатын 13 жұмыс компьютері (негізгі сипаттамалары: Corei7-2600@3.4GHz, 16GBRAM, 1Gbitethernetport,Windows 8);
    - Samsung 55’’ Touchscreen Overlay for SMART Signage теледидары;
    - Ашықтығы жоғары шамдары бар 2 проектор;
    - Келіссөздер жүргізуге арналған 14 адамға шақталған үстел;
    - Флипчарттар.
    Іс-шараларды ұйымдастыру
  • Аналитикалық зертханалардың қызметтері

    Өтініш қалдыру
    Назарбаев Университетінің аналитикалық зертханалары Agilent, Thermo Fisher, Metrohm және т.б. сияқты әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи техникалық жабдықтарымен жабдықталған.
    Назарбаев Университетінің зертханалық қамтамасыздандырылуы әлемдік заманауи деңгейге сәйкес келеді және заттардың физикалық-химиялық қасиеттерін талдау саласындағы өте күрделі зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.

    Зертханалардың сервистері:

    - Хроматография;
    - Рентгендік флуоресцент;
    - ИҚ спектроскопия;
    - Лазерлік дифракция;
    - Порозиметрия;
    - Элементтік талдау;
    - Термогравиметрия.

    Жобаларыңызды әзірлеу кезеңін жеделдетіңіз! Назарбаев Университетінің аналитикалық зертханаларының кең мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.
    Аналитикалық зертханалардың қызметтері
  • Биотехнологиялық зертхананың қызметтері

    Өтініш қалдыру
    Ең заманауи аспаптармен және химиялық және биологиялық бейінді қондырғылармен жабдықталған қызметтерді пайдаланыңыз.
    Зертхананың материалдық-техникалық базасы қызметтердің кең спектрін көрсетуге мүмкіндік береді:
    - пептидтер синтезі;
    - ДНҚ-олигонуклеотидтер синтезі;
    - лиофильдік құрғату;
    - тиімділігі жоғары сұйықтық хроматографиясында тазарту;
    - гендерді құрастыру;
    - ДНҚ секвенирлеу.
    Биотехнологиялық зертхананың қызметтері
  • Тәжірибелік-эксперименталдық цехтің қызметтері

    Өтініш қалдыру
    Сізге қысқа мерзім ішінде пластиктен және металлдан тәжірибелік үлгіні немесе стандартты емес әрі эксклюзивті бөлшекті жасау қажет пе? Тәжірибелік-эксперименталдық цехтің қызметін пайдаланыңыз, онда сіздің ерекше тапсырмаларыңызға арналған жабдықтардың кең спектрі ұсынылады.  
    Станоктық, механикалық және өңдеу жабдықтарының бірегей бірліктері орналасқан 900 м² аудан сіздің өніміңіздің дәл үлгісін жасауға және дәлсіздіктер мен қателерді болдырмауға мүмкіндік береді. Цех мынадай қызметтер көрсетеді:
    - материалдарды жонып және фрезерлеп өңдеу;
    - дәнекерлеу жұмыстарының алуан түрлері (аргон доғалы, электр доғалы, жартылай автоматты);
    - одан әрі таза өңдеу үшін немесе құрылымдарды дайынау үшін дайындамаларды өндіру;
    - тәжірибелік үлгілерді үлгілеу және жасау (соның ішінде 3D принтерінде);
    - құрылымдарды, соның ішінде ірі габаритті құрылымдарды құрастыру.
    Тәжірибелік-эксперименталдық цехтің қызметтері
  • Патенттік ізденіс және зерттеулер

    Өтініш қалдыру
    Өз зерттемелеріңіздің бәсекеге қабілеттігі туралы, қолданыстағы аналогтары туралы білгіңіз келе ме немесе сіздің салаңыздағы дамулардың соңғы беталыстары туралы ақпарат алғыңыз келе ме?
    Назарбаев Университетінің білікті мамандарының – Еуразиялық патенттік сенімді өкілдердің патенттік ізденістер және зерттеулер қызметтерін пайдаланыңыз.

    Патенттік ізденіс және зерттеулер
  • Келісімшарттық зерттеулер

    Өтініш қалдыру
    Біз өнеркәсіптік кәсіпкерлер мен ғылыми зерттеушілер арасында бірлескен ынтымақтастыққа көмек көрсету  арқылы келсімшарттық зерттеулерді ұсынамыз. Мұндай әріптестіктер бір бизнес-әріптестен құрылуы мүмкін немесе көп жақты консорциумдар болуы мүмкін. Әр зерттеу ынтымақтастығы өнертапқыштың, өнертабыстың/технологияның/әріптестің нақты талабына сай бағытталатын болады.      
    Келісімшарттық зерттеулер
  • Тауарлық белгілерді тіркеу

    Өтініш қалдыру
    Назарбаев Университеті мамандарының көмегімен тауарлық белгілерді тіркеңіз. Өзіңіздің жеке брендіңіздің толыққанды иеленушісіне және атаудың, логотиптің, сауда белгісінің немесе жарнамалық ұранның жалғыз меншік иесіне айналыңыз. Сауда белгілерін тіркеу бизнесіңізді жосықсыз шығармашылық ұрлықтан қорғауға мүмкіндік береді. Өнертабыс нысандары мен пайдалы үлгілерден басқа сіз өнертабыстың бірегей нысандарын: құрылғыларды, тәсілдерді, заттарды (химиялық немесе жоғары молекулалық қосылыстарды), композицияларды (құрамдар мен қоспалар) әрдайым тіркей аласыз.
    Тауарлық белгілерді тіркеу