Проект : Интерактивті жарнама


Жоғары коммерциялық әлеуеті бар ең жаңа зерттеме – интерактивті көрме-сөре. Интерактивті көрме-сөре ымдау арқылы басқарылатын, сондай-ақ адамның қимылын, дауысын және ымын танып біле алатын мультимедиялық экран болып табылады. Осындай инновация жарнамадағы таптырмайтын құралға айналуы мүмкін, ол көптеген белсенді тұтынушылардың назарын өзіне аударып, жарнамаланатын өнім туралы хабарламаны интерактивті нысанда жеткізе алады. Көрме-сөренің өлшемдері мен атқарымдылығы оны жарнама тасығышы ретінде пайдалануға, сондай-ақ қалалық көптілді жолнұсқа, навигатор немесе интерактивті каталог жасауға мүмкіндік береді.




  • НӘТИЖЕЛЕРІ


    К3 авторлық куәлігі

  • ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ


    Жарнама агенттіктері

  • КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ


    Success К компаниясымен арадағы келісім-шарттардың ауқымында қызметтер ұсынылды: халықтың әртүрлі жастағы топтары үшін электрондық үкімет ұсынатын барлық қызметтер туралы ақпарат келтірілген интерактивті тақта, сондай-ақ «Lipton» сауда белгісіне арналған жарнамалық науқанның ауқымындағы «Қазақ хандығы» ойыны құрастырылды. Осы технологияны Қазақстанның нарығында ілгері бастыру үшін келешегі зор жаңа бағыттар (жобалар) ізделінуде.