Технопарк


Технопарк

Технопарк


Технологиялық парк Назарбаев Университетінің кампусының аумағында орналасқан және кең заманауи кешен болып келеді, оны ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстары үшін оңай пайдалануға болады. 2300 шаршы метрді құрайтын ауданда сіз өз тапсырмаларыңызға сай келетін әртүрлі орынжайларды таба аласыз.

Технологиялық паркте сіз алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық зерттемелермен айналыса аласыз және алдағы уақытта оларды өз бизнесіңізге енгізе аласыз.

2012 жылдан бастап кешеннің аумағында жаңғыртылатын энергия көздерінің эксперименталдық ауданы (Renewable Energy Test Site) жұмыс істеп келеді, ол жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін және оларды дәстүрлі энергия көзімен біріктіру үшін арналған. Сондай-ақ максималды қуаттылығы 25 кВт/пик құрайтын, Қазақстанда аналогтары жоқ SunPower Oasis C-7 күн энергетикалық қондырғысы жұмыс істейді.

Технологиялық парк қарқынды дамып келе жатқан мамандар үшін ашық және келесі салалардағы әртүрлі жобаларды қабылдайды:

  • Энергетика және энергия тиімділігі;
  • Дизайн және өндіріс;
  • Су және су технологиялары;
  • Медицина, биотехнология және биомедицина;
  • Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.
/dummy/page/default