Коммерциализациялау кеңсесі


Коммерциализациялау кеңсесі

Коммерциализациялау кеңсесі


Коммерцияландыру кеңсесі Назарбаев университетінің ғалымдары мен қызметкерлеріне патент алуға қабілетті және жоғары коммерциялық әлеуеті бар идеяларын, зерттемелерін және өнертабыстарын отандық және шетелдік нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

Коммерцияландыру кеңсесі әкімшілік еткен жобалардың әртүрлі салалық бағыттылығы бар және Назарбаев Университетінде бар және дамитын барлық құзыреттілік салаларына сәйкес келеді, олар: энергия тиімділігі, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, роботтық техника, жаңа материалдар және т.б.

Әр жобаның ауқымында зияткерлік меншік нысанына қатысты қорғау құжатын жасап шығару тапсырмасы тұр.

Коммерцияландыру кеңсесінің негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  • Жобаларды жүзеге асыру үшін қажеттінің барлығын: жабдықтарды, шығын материалдарын, бөгде ұйымдар мен кеңесшілердің қызметтерін және т.б. сатып алуды ұйымдастыру;
  • Зияткерлік меншік құқықтарын патенттеу: өнертабыстың мағынасын ашудан бастап зияткерлік меншік нысанына қатысты алынған қорғау құжатының күшін сақтау үшін төлем жүргізуге дейін;
  • Назарбаев Университетінің ғалымдары мен қызметкерлеріне коммерцияландыру үшін сыртқы гранттық қаржыландыру алу үшін өтінімді ресімдеуге көмектесу;
  • Жобалардың нәтижелерін отандық және шетелдік нарықтарға іргелі бастыруға ықпалын тигізу;
  • Зияткерлік меншік құқықтарын жүзеге асырудан түскен табысты Назарбаев Университетінің Зияткерлік меншік саласындағы саясатына сәйкес инновациялық үдеріске қатысушылардың арасында бөлу;
  • Лицензиялық келісімдер жасасу.
/dummy/page/default