Ғылыми парк


Болашақ инфрақұрылым  

Болашақ инфрақұрылым: С4 зертханалық кешен және ғылыми парк  


2017 жылы ірі нысанды - Назарбаев Университетінің С4 зертханалық кешенін тапсыру жоспарланып отыр. Компаниялар әлемдегі ең танымал университеттің зерттеушілерімен және профессорларымен иық тіресіп жұмыс істеу мүмкіндігін алады.

Негізгі зертханалармен қатар, Назарбаев Университетіне іргелес аумақта Ғылыми паркті салу жоспарланып отыр. Кеңселік, зертханалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік орынжайлардың ауданы 300 000 шаршы метрден асады, ал қызметкерлердің, өз саласындағы кәсіпқойлардың болжалды саны 8 мың адамнан артық.

Ғылыми парктің аумағы жаңа қазақстандық экономиканың беталыстарына сәйкес кластерлік аймақтарға бөлінеді. Бірінші кезеңде үш кластер ұйымдастырылатын болады: биомедицина кластері, жер туралы ғылымдар кластері және жоғары технологиялар кластері (оған жаңғыртылатын энергетика туралы ғылымдар, акпараттық-коммуникациялық технологиялар, су технологиялары және жаңа материалдар кіреді). 

с4