КЛАСТЕР ТУРАЛЫ


ЖАҢА БИЗНЕСКЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚЫМБАТТЫ ИННОВАТОР!


Бүгінгі таңда постиндустриялық әлемде өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің қосылған құн өндірісіне материалдық ресурстар емес, идеялар, технологиялар, бренд, команда, өткізудің стандарттан тыс жолдары және сатып алушыдан кері байланысты алудың жаңа әдістері зор үлес қосуда. Стартап мәдениеті – бұл қолөнердің жаңғыртылған түрі, ол шығармашылық әрі зияткерлік қабілеттері бар кез келген тұлғаға құндылықтарды жасауға мүмкіндік береді.

Алайда тіпті ең үздік идеяның өзіне қолдау талап етіледі. Жаңа, озық идеяларды алға жылжытумен және іске асырумен айналысатындар үшін шығармашылық, зияткерлік-ынталы, техникалық тұрғыда жабдықталған және оның күш-жігерін қолдайтын ортада, қызметтің алуан түрлі салаларындағы пікірлес адамдармен бірге жұмыс істеген өте маңызды.

Осы мақсат үшін Назарбаев Университетінде Инновациялық Кластер – Astana Business Campus құрылған, ол Университет маңында белсенді дамып келеді. Идея қарапайым – шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылымды қажет ететін шағын және орта бизнес, венчурлық қорлар - ғалымдар, бизнесмендер, студенттер, өнертапқыштардың - уақытты озып әрекет ететін барлық адамдардың басын бір жерге тоғыстыру және олардың армандарын іс жүзінде іске асыру. Инновациялық ортаны дамыту үшін Astana Business Campus-та коммерцияландыру кеңсесі, бизнес инкубатор, технопарк, зерттеу орталықтары және Назарбаев Университеті мектептері қызмет етеді.

Ғылымды қажет ететін технологиялар саласында жұмыс істейтін барлық инноваторлар үшін есігіміз ашық және де біздің елімізді көркейте түсу идеясын ұстанатын жаңа компаниялар мен командаларды іздеудеміз.

Astana Business Campus-қа

қош келдіңіз!

Бізге қосылыңыз. Бірге өркендейік!

/dummy/page/President

Канат Байгарин


Назарбаев Универсиетінің Инновациялар жөніндегі вице-президенті